Сарыарқа ауданының прокуратурасы кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырды

Сарыарқа ауданының прокуратурасы кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырды

      «Сарыарқа» ауданы прокуратурасының бастамасымен Астана қаласы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің басқармасы, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Астана қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы, сондай-ақ аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп елорданының кәсіпкерлерімен кездесу өткізілді.

     Кездесу барысында бақылау-қадағалау органдарымен тексеру жүргізу тәртібі, кибер алаяқтықтан қорғану, салық заңнамасының сақталуы бойынша түсініктемелер беріліп, бизнес құқықтарын қорғау саласында қол жеткізілген нәтижелер айтылды.

     Кездесу қорытындысымен кәсіпкерлер өздерін қызықтырған сұрақтары бойынша тиісті жауаптарын алды.