Елордалық прокурорлар мектептер мен колледждерде синтетикалық есірткінің зияны туралы бірқатар дәрістер өткізді

Елордалық прокурорлар мектептер мен колледждерде синтетикалық есірткінің зияны туралы бірқатар дәрістер өткізді

     Жазғы демалыс қарсаңында Астана қаласының прокурорлары синтетикалық есірткінің зияны туралы профилактикалық дәрістер өткізді.

     Іс-шара елорданың 115 мектептері мен колледждеріндегі жалпы саны 10 мыңнан астам білім алушылармен қамтылып, онда шынайы оқиғаларға негізделген бейнероликтер көрсетіліп, қызықтырған сұрақтарына жауаптар берілді.

     Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елорда прокуратурасы өзгеше профилактикалық әдісті қолданып, жергілікті колледж студенттерін сот мәжілісіне шақырған болатын, онда есірткі жасырумен айналысқан қаланың 21 жастағы тұрғыны 11 жыл түрмеге сотталды.

     Қылмыстың осы түрі қорқынышты қарқын алуда, ал сотталушылар орындығында көбінесе жас қазақстандықтар болуда.

     Есірткі қылмысын алдын алу прокуратура органдарының қатаң бақылауында және бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.