Есіл, Нұра аудандарының прокурорлары мамандандырылған балабақша тәрбиеленушілерін және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Есіл, Нұра аудандарының прокурорлары мамандандырылған балабақша тәрбиеленушілерін және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

    

   

     Астана қаласының Есіл және Нұра аудандарының прокуратуралары Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өткізді.

     Прокуратура қызметкерлерінің күшімен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған №64 «Асыл бөбек» мамандандырылған балабақшасында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

     Іс-шара қорытындысы бойынша балаларға сыйлықтар табыс етіліп, тәтті дастархан ұйымдастырылды.

     Сондай-ақ, прокурорлар көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды құттықтап, оларға да сыйлықтар  ұсынып, мерекемен құттықтады.