Алаяқтық пен интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимыл туралы.

Алаяқтық пен интернет алаяқтыққа қарсы  іс-қимыл туралы.


     Астана қаласының прокуратурасы алаяқтыққа, оның ішінде интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде полиция органдарымен, әкімдікпен, банктермен, мобильді операторлармен, интернет сауда алаңдарымен алаяқтыққа, оның ішінде интернет алаяқтыққа қарсы бірлескен іс-қимыл шараларын қабылдау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.

     Қылмысқа қарсы күрес үшін Астана қаласының прокуратурасы алаяқтық пен интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың алғашқы қадамдарын іске асырудың тұжырымдамасы мен Кешенді жоспарын әзірледі.

     Прокуратурамен өткізілген кездесу қорытындысы бойынша Астана қаласының прокуратурасы, әкімдік, сот, полиция департаменті, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Ұлттық банк және екінші деңгейдегі банктер, ұялы байланыс операторлары және интернет алаңдар платформалары («ОЭлИкс Групп» ЖШС, «Колеса» АҚ) арасында ынтымақтастық туралы меморандум дайындалды.