Азаптауға қарсы тұру туралы

Азаптауға қарсы тұру туралы

Астана қаласының прокуратурасы елордалық қылмыстық қудалау органдарының қатысуымен тергеудің рұқсат етілмеген әдістері мен жедел-іздестіру қызметінің фактілерін болдырмау мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді.

Кеңесте қатысушыларға сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жазаны орындау және жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру сатысында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың талаптары түсіндірілді.

Аталған іс-шара азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуын болдырмауға бағытталған (3 сағаттан артық негізсіз жеткізу, ұстау, тергеудің заңсыз әдістерін қолдану және т.б.).

Сондай-ақ, прокуратура адам құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп, Мемлекет басшысының үздіксіз бейнебақылау жөніндегі тапсырмасын орындау тұрғысында қылмыстық қудалау органдарының ғимараттарына тексеру жүргізді.

Азаптаудың алдын алу шеңберінде кезекші прокурорлардың кабинеттері бейнебақылаумен жарақтандырылған, олардың көмегімен полиция органдарының кабинеттері мен полиция ғимаратына тәулік бойы бақылау қамтамасыз етіледі.

Сонымен бірге, егер сіз қылмыстық қудалау органдары тарапынан азаптаулардың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, Астана қаласының прокуратурасына Қабанбай батыр даңғылы, 31 мекенжайы бойынша хабарласуыңыз қажет екенін ескертеміз.

Қылмыстық қудалау органдарының азаптауларына және өзге рұқсат етілмеген әдістеріне қарсы іс-қимыл шеңберінде прокурорлардың тәулік бойы кезекшілігі енгізілді:

Астана қаласы кезекші прокурорының тел. (87172) 71-24-67

Call-орталығы 115

Алматы ауданы кезекші прокурорының тел. (87172) 26-93-94

Байқоңыр ауданы прокуратурасының кезекші тел. 8705-429-22-01

Есіл ауданының кезекші прокурорының тел. 8778-446-75-51

Сарыарқа ауданының кезекші прокурорының тел. 8778-425-33-90

Нұра ауданының кезекші прокурорының тел. 8771-169-86-58

 

Астана қаласының прокуратурасы