Алаяқтықтың алдын алу

Алаяқтықтың алдын алу

        Соңғы кездері алаяқтар телефон арқылы байланысып, өздерін Ұлттық банк, құқыққорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, жәбірленушінің банктік шоттары мен депозиттегі қаражатына қауіп төніп тұр деген сылтаумен жәбірленушілерге банктерден үлкен көлемде несиелер рәсімдетіп жымқыру фактілері жиі орын алуда.

     Сол себепті, Сарыарқа ауданының прокуратурасымен, жергілікті атқарушы және полиция органдарымен бірлесе отырып алдын алу іс-шаралары барысында аудан аумағындағы екінші деңгейлі банктерді аралау арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

     Осыған байланысты, азаматтарды интернет кеңістікте, әлеуметтік желілерді пайдаланғанда, бөтен тұлғалар хабарласқанда осы тектес жағдайларға кездескен жағдайда мұқият, әрі сақ болуға шақырамыз.