Жол-көлік оқиғалары мен балалардың жарақаттануының алдын алуға қатысты

Жол-көлік оқиғалары мен балалардың жарақаттануының алдын алуға қатысты

    Елордалық прокуратура органдары кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мен мүдделерін қорғауды тұрақты негізде назарда ұстайды.

   Тек 2022 жылдың өзінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 121 жол-көлік оқиғасы тіркелді (белгіленбеген жерлерден өту, бағдаршамнан өту және т.б.), онда 132 бала зардап шекті.

   Қала прокуратурасы профилактикалық іс-шара аясында дәріс өткізу үшін елорданың шетіндегі (инфрақұрылым жеткіліксіз болғандықтан) мектептерді таңдады. Мектеп директорларымен түйткілді мәселелерді анықтады.

   Біздің бастамамыз бойынша мектептерде (Байқоныр және Сарыарқа аудандары) жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері жаңартылды.

   Бұл мектептерде профилактика аясында дәрістер өткізілді.

   Осы іс-шараларды мүдделі органдармен бірлесіп ұйымдастыру тұрақты түрде жоспарлануда.

   Балалардың жолдарда жарақаттануының алдын-алу маңызды әлеуметтік–экономикалық міндеттердің бірі болып табылады.

   Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.