Кәсіпкерлермен жұмыс

Кәсіпкерлермен жұмыс

     25.01.2022 жылы қала прокуратурасы кәсіпкерлер палатасымен және қазақстандық салық консультанттары қауымдастығымен бірлесіп елорданың бизнес-қоғамдастығымен салық заңнамасының мәселелері бойынша кездесу өткізді.

     26.01.2022 жылы қала прокурорының орынбасары Б.У. Мизанбаев бизнесті қорғау жөніндегі кеңестің жұмысына қатысты, онда мемлекеттік сатып алу шарты бойынша шарттық міндеттемелерді орындамау мәселелері талқыланды.

     Кездесулер барысында кәсіпкерлерге өздері көтерген мәселелер бойынша түсініктемелер берілді, жекелеген мәселелер бойынша одан әрі талқылау үшін ресми өтініштер беру ұсынылды.