Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау

          Елорданың прокуратура органдары мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға тұрақты түрде көңіл бөледі.

          Астана қаласы мәслихатының (2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 476/60-VI) шешімімен азаматтардың осы санаты үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге жеңілдіктер (100%, 50% және 25%) көзделген.

          Талдау барысында елорданың 100 мыңнан астам азаматына мұндай жеңілдіктер берілмегені анықталды.

          Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес оларды жеңілдіктер тізіміне енгізу бойынша жұмыс қолға алынып, бүгінгі таңда көзделген жеңілдіктерді ерекше қажеттіліктері бар 4 мыңға жуық адам ала бастады.

          Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамада халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын азаматтардың кең тізімі айқындалған.

          Алайда олардың басым бөлігі мәслихат шешімінде атап өтілмеген.

          Осыған байланысты, біз жеңілдіктер тізімін халықтың әлеуметтік осал топтарының басқа санаттарымен толықтыру туралы мәселе көтердік.

          Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

                                                                                           Астаны қ. прокурорының орынбасары Б.Ө.Мизанбаев