Бизнесті қорғау туралы

Бизнесті қорғау туралы

          Қала прокуратурасымен қадағалау барысында тауарлық газ тұтынушыларының құқықтарына қарсы бұзушылығы анықталды.

         Астана қаласының өндірістік филиалы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-пен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға заңсыз талаптар жүктелген. 

        Нәтижесінде, газды тұтынудың тәуліктік көлемі артқан кезде оларға әр тәулік үшін 1,2 – 1,5 мөлшерінде жоғары коэффициент қолданылған.

        Сонымен қатар, өнім беруші газ беруді мәжбүрлеп шектеуге құқығы болған.       

        Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұндай талаптар тек өнеркәсіптік тұтынушыларға таратылып қолданылуы мүмкін.

        Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылып,өнім берушінің жоғары коэффициентті қолдану құқығы және газ беруді мәжбүрлеп шектеу алынып, 300-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды.