Көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушілер ұсталды

Көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушілер ұсталды

Ағымдағы жылы елордада жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін, оның ішінде мас күйінде көлік жүргізгені үшін мыңнан астам адам көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

Осыған қарамастан, жекелеген жосықсыз адамдар көлік жүргізуді жалғастыруда, бұл жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Оларды анықтау мақсатында қала прокуратурасының үйлестіруі арқылы ағымдағы жылдың 29 қарашасы мен 8 желтоқсаны аралығында жол-патрульдік қызметі жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізді.

Нәтижесінде арнайы құқығынан айырылған 12 жүргізуші ұсталды.

Қабылданған шаралармен 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылғаннан кейін мас күйінде көлік жүргізгені үшін 1 адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Мұндай іс-шаралар тұрақты негізде өткізілетін болады.