«Прокуратура туралы» Конституциялық заң азаматтарға не береді?

«Прокуратура туралы» Конституциялық заң  азаматтарға не береді?

18 қарашадан «Прокуратура туралы» Конституциялық заң күшіне енеді.  

Прокурордың өтініштерді қарау тәсілдері өзгереді.

Сигнал түскен кезде прокурорға қойылатын басты талап халықтың проблемаларын шұғыл шешу болады.

Бұрынғы тәжірибеге сәйкес көптеген шағымдар уәкілетті мемлекеттік органдардың қарауына жіберілді.

Бұл шектеулер азаматтар тарапынан негізді түрде сынның айтылуына себеп болды.

Заң прокуратура органдары қарайтын өтініштер тізімін ұлғайтты.

Мемлекеттік орган шағымдарға әрекет етпеген немесе уәкілетті орган болмаған жағдайда прокуратура ден қоюға және тиісті шаралар қолдануға міндетті болады.

Прокурор адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін заңдылықты бұзу фактілері бойынша шағымдарды қарауға құқылы.

Сондай-ақ егер адам физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына не өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын қорғауды дербес жүзеге асыра алмаса, прокурор өтініштерді қарауға құқылы.

Кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ шектелмеген адамдар тобын қорғау қамтамасыз етіледі.

Бизнес мүдделерін қорғау мақсатында прокурорға мемлекеттік, жергілікті өкімет және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және олардың лауазымды адамдары тарапынан олардың қызметіне араласқан жағдайларда жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін қарау құқығы берілді.

Бұл ретте заңда прокуратура өзге мемлекеттік органдардың функцияларын алмастырмайды деген норма сақталған.

Заң прокуратураның шешімдері мен актілеріне шағымдарды сотқа дейін шешуді реттейді. Бұл ӘРПК 9-бабының талаптарына сәйкес келеді, соған сәйкес дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібі сақталғаннан кейін сотқа жүгінуге болады.

Жаңа Конституциялық заңда прокурор келесі тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін тексеру тағайындауға құқылы:

1) жеке, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын қорғауды дербес жүзеге асыра алмайтын адамдар;

2) шектелмеген тұлғалар тобы;

3) егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін қайтымсыз салдарларды болғызбау үшін қажет болса, адамдар, қоғам және мемлекет.

4) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, олардың лауазымды адамдары тарапынан жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласу фактілері бойынша

Жаңа жылдан бастап күшіне енетін тағы бір жаңашылдық Бас Прокурордың Конституциялық Сотқа:

- Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялауға дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарау мәселелері бойынша;

- Конституция нормаларына ресми түсініктеме беру мәселесі бойынша;

- сондай-ақ олардың Конституцияға сәйкестігі туралы Нормативтік құқықтық актілер бойынша жүгіну мүмкіндігі.

Бұл нормалар прокуратураның құқық қорғау әлеуетін жаңа мазмұнмен толтырды, өйткені прокурор кез келген нормативтік құқықтық акті бойынша Конституциялық соттың алдында оның негізгі заңға сәйкестігі туралы мәселе қоюға құқылы.

Бұл заңнамалық норма прокуратураның заңсыз құқықтық актілерге наразылық білдіру және оларды жалпы юрисдикция соттарында сот тәртібімен жою жөніндегі өкілеттіктерімен қатар азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтеді.

 

 

Астана қаласы

прокурорының

бірінші орынбасары                                                             Ж. Құсайынов