ЕЛОРДА ПРОКУРАТУРАСЫ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАДЫ

ЕЛОРДА ПРОКУРАТУРАСЫ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАДЫ

 

Президенттің Қазақстан халқына жолдауында балалардың конституциялық құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлінген.

Балалардың құқықтарымен мүдделерін жан-жақты қорғау қала прокуратрурасының басым міндеттерінің бірі болып табылады.

Прокурорлар өз өкілеттіктерін іске асыра отырып, соттар мен уәкілетті органдар кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзылуына жол бергендеріне дереу ден қоюда.

Қала прокуратурасы осы санаттағы істерді қарау практикасына талдау жүргізді. 

Кәмелетке толмағандарға қатысты айыппұлдардың артық сомаларын салу және жауаптылыққа тарту мерзімдерін қолданудың ерекше тәртібін бұзғаны анықталды.

Қадағалау актілер бойынша полиция мен соттың 30 қаулысы заңға сәйкес келтірілді, атап айтқанда 13 іс бойынша айыппұл соммасы 10 АЕК-ке дейін төмендетілді, 17 іс бойынша тарту мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылды.

Осылайша, әрекет ету шараларымен кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды, заңсыз практика тоқтатылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

 

Астана қаласы

прокурорының орынбасары

Б. Мизанбаев