Елордалық прокуратура балалар құқықтарын қорғауда

Елордалық прокуратура балалар құқықтарын қорғауда

Мемлекет басшысымен жаряланған балалар жылы аясында прокуратурамен алимент өндіруге ерекше көңіл аударылған.

Талдау нәтижесінде уәкілетті органдардың қызметінде көптеген жетіспеушіліктер анықталды.

Оларды шешу мақсатында жұмыс тобы құрылып, бірлескен Жоспар қабылданды.

10 мыңға жуық борышкерлердің жалақысына өндіріліп 1.8 млрд теңге көлемінде балаларға берешек қайтаруға жол берілді.

Айсайынғы бос жұмыс орындар жәрмеңкелердің нәтижесінде 25 жұмыссыз борышкер жұмыспен қамтылды, 100 борышкер есепке тұрғызылды, 620 адамға жұмысқа тұру туралы мәлімдеме берілді.

Күнделікті рейдтердің кезінде борышкерлердің 100 автокөлігі айып тұрағына қойылып, олар бойынша 50 млн. теңге өндірілді.

150 алиментщиктердің көлік жүргізу құқықтары тоқтатылды, 500 астам борышкерлерге іздеу жарияланды.

Алимент төлемеген 212 борышкер ӘҚБтК-нің 669-бабымен жауаптылыққа тартылып, оның 70 қамаққа алынды.

Алимент төлеу міндеттерін орындамағаны үшін Қылмыстық кодексінің 139-бабымен қылмыстық жауаптылық көзделген.

Аталған бап бойынша 3 адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды, 30 борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру жалғасуда.

Кешенді шаралар қолдану берешекті жартылайға жуық 6 млрд 3,5 млрд теңгеге төмендетуге мүмкіндік берді.

Алимент өндіру жұмысы жалғастырылуда.

 

Астана қаласы

прокурорының орынбасары

Б. Мизанбаев