Ақмола облысының тұрғыны материалдық байыту мақсатында Instagram әлеуметтік желісінде аккаунт ашқан.
Жыл бойы ол хабарландырулар орналастырды және тікелей эфирде құмар ойын өткізді, онда ұтыс тігу сомасы 100-ден 2100 теңгеге дейін болды.
Ойын 4 қатысушы арасында өтті, ең жоғары жүлде картасы бар адам жеңімпаз болып саналды.
Жеңіс ұйымдастырушының пайызын шегергендегі барлық ойыншылардың ұтыс сомасынан тұрды.
Қылмыстық кірістің жалпы сомасы 90,6 млн теңгеден асып кетті.
Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 307-бабының 2-бөлігінің 3) тармағы бойынша (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қала прокурорының заңсыз алынған кірісті өндіру туралы талабы қанағаттандырылды.
Елорда прокуратурасы арнайы лицензиясыз интернетте құмар ойындар мен лотереяларды ұйымдастыру қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын еске салады. Заңсыз ойын бизнесінен ақша табу әрекеттері (соның ішінде Instagram және TikTok) белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.
Астана қаласының прокуратурасы