Заң мен тәртіп: спорт арқылы жауапкершілікке

Заң мен тәртіп: спорт арқылы жауапкершілікке

Қыркүйек айында Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты басталды.

«Есіл» ауданының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында 200 балаға «Барыс» хоккей клубының «Салават Юлаев» (Уфа қ.) және «Амур» (Хабаровск қ.) командаларына қарсы матчтарына баруды ұйымдастырды.

Үзіліс кезінде балалар тақырыптық викторинаға белсенді қатысып, спорт пен заңның ортақ қағидаттарын – ережелерді сақтау, тәртіп пен айналадағыларға құрмет көрсету мәселелерін талқылады.

Жас жанкүйерлер ата-аналарымен бірге ойынды тамашалап, еркін пікір алмасу барысында заңға бағынушылық, жауапкершілік және құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы әңгімелесті.

Елорда прокуратурасы заңды сақтауға және өскелең ұрпақтың бойына бала кезден ережеге, тәртіпке және жауапкершілікке деген құрметті сіңіруге шақырады.

 

Астана қаласының прокуратурасы