Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұру әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.
Жыл басынан бері елордада тіркеусіз тұрғаны үшін 41 906 адам жауапкершілікке тартылды. Олардың 533-і әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде құқық бұзушылықты қайталап жасаған.
Шетелден Қазақстанға келген азаматтар келген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде тіркелуге міндетті.
Прокуратура елорда тұрғындарын азаматтардың тіркеусіз және құжаттарсыз тұруына жол бермеуге шақырады. Сондай-ақ аталған талаптарды бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 492-бабына сәйкес 20 АЕК-ке дейінгі айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылықтың көзделгенін ескертеді.
Астана қаласының прокуратурасы