Жәбірленушілер «Даму» қорының бағдарламасы бойынша 100 млн теңге мөлшерінде жеңілдетілген несие алуға жәрдемдесуі үшін алаяққа әрқайсысы 1 млн теңгеден берген.
Ол азаматтармен консалтингтік қызметтер көрсету туралы жалған шарттар жасасып алдаған.
Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 4 млн теңгені құрады.
Прокурор сотта сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.
Сот үкімімен оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды қырағылық танытуға және тек уәкілетті ұйымдарға жүгінуге шақырады. Ақшалай сыйақы үшін, әсіресе делдалдар арқылы несие алуға жәрдемдесуді ұсыну алаяқтық әрекеттердің белгісі болуы мүмкін.
Астана қаласының прокуратурасы