Қала тұрғыны түнгі уақытта өзге адамдар арасында орын алған жанжал барысында газ тапаншасынан әуеге 2 рет оқ атқан, сондай-ақ олардың біреуіне қарай 1 рет оқ атқан.
Жәбірленуші дер кезінде қашып үлгергендіктен оқтың тиіп кетуінен аман қалған.
Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.
Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Елорда прокуратурасы азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады. Күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы, сондай-ақ қаруды не өзге де заттарды пайдалана отырып қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны үшін 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделген.
Астана қаласының прокуратурасы