«Тоғыз тағдыр»: жасөспірімдерге арналған әлеуметтік жоба

«Тоғыз тағдыр»: жасөспірімдерге арналған әлеуметтік жоба

«Заң мен тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында жасөспірімдер аудиториясына арналған Астана қаласы Байқоңыр ауданы прокуратурасының бастамасымен «Тоғыз тағдыр» әлеуметтік-профилактикалық шағын сериалы іске қосылды.

Сериал 9 бөлімнен тұрады. Әлеуметтік жобада кәмелетке толмағандардың күнделікті өмірі, соның ішінде құрбы-құрдастарының ықпалы мен ойланбай жасалған әрекеттердің салдары көрсетіледі.

Әрбір бөлім – кез келген әрекеттің құқықтық салдары болатыны туралы ойлануға мүмкіндік.

Аталған сериал өскелең ұрпақты күрделі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға, құқық бұзушылыққа әкелуі мүмкін орны толмас қателіктерден сақтануға шақырады.

 

Астана қаласының прокуратурасы