Ғылым заңның қызметінде

Ғылым заңның қызметінде

   Ағымдағы жылдың маусым айынан Астана қаласының прокуратурасында ғылым мен тәжірибенің өзара іс-қимыл алаңы  «ProLab» базалық зертханасы жұмыс істейді.
   Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқуын сәтті аяқтап, Лондон корольдік колледжінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен 4 қызметкердің қызметке оралуы елеулі оқиға болды.
    Бүгінде жас ғылымдар зертхана қабырғасында өздерінің өзекті жобаларын белсенді түрде апробациялауда.
    Олардың халықаралық тәжірибесі мен алған білімдері елорда прокуратурасының талдамалық және құқықтық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Астана қаласының прокуратурасы