Астанада ашық диалог форматында форум өтті

Астанада ашық диалог форматында форум өтті

    Астана қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов елордалық полиция қызметкерлерімен ашық диалог форматында форум өткізді.

    Кездесу барысында халықпен күнделікті жұмыс жүргізу, туындайтын қиындықтар мен өзекті мәселелер талқыланды.

    Сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, оларды шешу жолдарын айқындады.

    Қала прокуроры қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейтудің, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін қарау сапасын арттырудың қажеттілігін атап өтті.

    «Әрбір цифр мен әрбір материалдың артында нақты адам тұр. Сондықтан азаматтардың өтініштеріне өзіңіздің жеке мәселеңіз ретінде қарау қажет», – деп атап өтті қала прокуроры.

    Басты міндет – «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда қауіпсіздіктің, әділдіктің және азаматтардың сенімінің берік негізі ретінде дәйекті түрде орнықтыру.

Астана қаласының прокуратурасы