Миллиондаған теңге үшін бопсалау: аса ірі мөлшерде ақша талап ету

Миллиондаған теңге үшін бопсалау: аса ірі мөлшерде ақша талап ету

   Жеке деректерін таратқаны үшін қала тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Ол жәбірленушінің жеке өміріне қатысты мәліметтерді пайдаланып, оларды таратамын деп қорқытып, ақша талап еткен.

    Психологиялық қысымды күшейту мақсатында ол мессенджерде құқыққ қорғау органдарының қызметкері ретінде өзін таныстырып, жәбірленушіні ақша беруге, яғни жәбірленушіге қатысты мәліметтердің таралмауы мәселесін шешугі көндірген жалған аккаунт құрған.

    Қорқытулардың жүзеге асуынан қауіптенген жәбірленуші сотталушыға 17,6 млн теңгеден астам ақша берген.

    Мемлекеттік айыптауша сотта сотталушының кінәсін дәлелдейтін барлық дәлелдемелерді ұсынды.

    Үкім заңды күшіне енбеді.

    Прокуратура азаматтарды бопсалауға бой алдырмауға және қорқыту фактілері орын алған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырды.

                   Астана қаласының прокуратурасы