350 үлескер «Атамари» ТҮ-де қоныс тойын атап өтті.
2020 жылы азаматтар болашақ тұрғын үйге ақшалай қаражат салды және 5 жылдан астам уақыт бойы құрылыс салушы өзіне алған міндеттемелерін орындамады.
Прокуратура 350 үлескердің мүддесі үшін талап арызын енгізді және аяқталмаған құрылыс объектісі жаңадан құрылған тұрғын үй-құрылыс кооперативіне берілді.
Нәтижесінде «Атамари» ТҮ аяқталды және үлескерлер көптен күткен пәтерлерін алды.
Жалпы, ағымдағы жылдың басынан бастап соттар 3,9 млрд теңге сомасына 277 үлескердің мүддесі үшін прокурорлардың 11 талап-арызын қанағаттандырды.
Үлестік құрылыс саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
Елорда прокуратурасы азаматтарды салынып жатқан тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алмас бұрын тиісті рұқсаттың бар-жоғын тексеруге шақырады (сілтеме: homeportal.kz/shared-construction-objects)).
Астана қаласының прокуратурасы