Жалған қажылықты ұйымдастырғандар сотталды

Жалған қажылықты ұйымдастырғандар сотталды

    Қаланың екі тұрғыны адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы «Instagram» әлеуметтік желісіне Сауд Арабиясының Мекке және Мәдина қалаларына қажылық сапарын ұйымдастыру жөнінде жарнама жариялаған.

     Қылмыскерлердің уәдесіне сенген қажылыққа барушы 37 азамат оларға жалпы көлемде 60 млн теңге ақша қаражатын тапсырған.

     Алған міндеттемелерін орындамай, жәбірленушілерден алынған ақша қаражаттарын өз қалауынша жұмсаған.

     Сот үкімімен олардың әрқайсысына 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

     Жәбірленушілердің келтірілген материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап арыздары толық қанағаттандырылды.

     Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

      Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және күмәнді тұлғаларға ақша қаражатын бермеуге шақырады.

 Астана қаласының прокуратурасы