Елорда тұрғыны бұрынғы жұбайын алимент төлеуден жалтарғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызбен «Сарыарқа» ауданының прокуратурасына жүгінді.
Айта кету керек, борышкер 2025 жылы дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған.
Алимент бойынша берешек сомасы шамамен 5 млн теңгені құрады.
Сот үкімімен кінәліге пробациялық бақылау белгіленіп, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Прокуратура балалар – біздің болашағымыз екенін еске салады. Алимент төлеуден жалтару олардың құқықтарын бұзады және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Астана қаласының прокуратурасы