Дропперге айналмаңыз

Дропперге айналмаңыз

   

    Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасы азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Дропперге айналмаңыз» атты профилактикалық бейнеролик дайындады.

    Бүгінде алаяқтар азаматтарға жиі «жеңіл табыс» ұсынып, тәжірибе талап етілмейтін жоғары кіріске уәде береді. Оның орнына олар өздеріне банк картасын беруді немесе өз атына банктік шот ашуды сұрайды.

    Мұндай әрекеттердің салдарынан азаматтар қылмыстық схемалардың қатысушысына айналып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 232-1-бабы «Банктік шотқа, төлем құралына немесе сәйкестендіру құралына қолжетімділікті заңсыз ұсыну, беру және алу, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын заңсыз жүзеге асыру» бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

    Елорда прокуратурасы азаматтарды сақ болуға, банк карталарын, банктік шоттарын, деректемелерін және мобильді банкингке қол жеткізу мүмкіндігін бөгде адамдарға бермеуге, сондай-ақ «жеңіл табыс» туралы күмәнді ұсыныстарға келіспеуге шақырады.

 Астана қаласының прокуратурасы