Абитуриенттерді алдаған адам бас бостандығынан айырылды

Абитуриенттерді алдаған адам бас бостандығынан айырылды

     Елордадағы жоғары оқу орындарының бірінің қызметкері университетке оқуға түсуге «жәрдемдесу» сылтауымен қылмыстық схема ұйымдастырған.

     Жалған мөрлер мен жалған құжаттарды пайдалану арқылы ол 18 талапкердің сеніміне кіріп, оларды белгіленген қабылдау тәртібінен тыс жоғары оқу орнына оқуға түсіруге ықпал етемін деген жалған ақпаратпен алдап, әрқайсысынан 600 мыңнан 900 мың теңгеге дейін ақшалай қаражат иемденген.

     Басты сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, бірнеше рет алаяқтық жасағанын, сондай-ақ жалған ресми құжаттарды қолдан жасап, жалған мөр дайындағанын толық дәлелдеді.

     Сот үкімімен кінәлі адам 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

     Сот үкімі заңды күшіне енді.

     Қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген материалдық залал сотталғаннан өндірілді.

     Прокуратура азаматтарға қырағылық танытып, оқу орындарына түсу мәселелері бойынша тек ресми ақпарат көздеріне жүгінуді ұсынады.

Астана қаласының прокуратурасы