«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын іске асыру туралы

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын іске асыру туралы

 

    «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын іске асыру шеңберінде Астана қаласының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп, қала аумағындағы абаттандыру және санитарлық жағдай саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуде.

    Тек бір күннің ішінде рейдтік іс-шаралар барысында қоғамдық орындарды ластау, абаттандыру қағидаларын бұзу және заңсыз қоқыс үйінділерін ұйымдастыру фактілері бойынша 170-тен астам құқық бұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

    Мәселен, Нұра ауданында дрондардың көмегімен арнайы техниканың екі жүргізушісі анықталды. Олар құрылыс қалдықтарын белгіленбеген орындарға төккен. Құқық бұзушылар Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен жедел түрде ұсталды. Жасалған құқық бұзушылықтар үшін оларға әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ айыппұл толық өтелгенге дейін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынды.

    Прокуратура қала аумағындағы абаттандыру қағидаларын бұзу, инфрақұрылым объектілерін бүлдіру, сондай-ақ қоғамдық орындарды ластау Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу болып табылатынын және әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.

    Сонымен қатар прокуратура қала тұрғындары мен қонақтарын заң талаптарын қатаң сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және қала тазалығын сақтауға шақырады.

   «Заң мен тәртіп» қағидаттарын және «Таза Қазақстан» бағдарламасының міндеттерін сақтау — экологиялық мәдениет пен жайлы қалалық ортаның негізі.

    Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Астана қаласының прокуратурасы