«Байқоңыр» ауданының прокуратурасы азаматтарға жедел көмек көрсету үшін Telegram-ботты іске қосты

«Байқоңыр» ауданының прокуратурасы азаматтарға жедел көмек көрсету үшін Telegram-ботты іске қосты

     Астана қаласының «Байқоңыр» ауданы прокуратурасымен мемлекеттік органдардан жедел кеңес алуға арналған инновациялық цифрлық сервис — Telegram-бот іске қосылды. Жоба «орнында шешу» қағидаты бойынша жұмыс істейді және құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

     Сервисті қалай пайдалануға болады?

     Кеңес алу үшін азаматтарға бірнеше қарапайым қадамды орындау қажет:

  1. Ботқа өту: QR-кодты сканерлеу немесе тікелей сілтеме арқылы өту https://t.me/Tartip_prok_bot.
  2. Интерфейсті баптау: Қызмет көрсету тілін таңдау.
  3. Өтініш жолдау: «Кеңес алу» бөлімінде өз сұрағын баяндау.

     Пайдаланушылар өтініштерді мәтіндік, аудио немесе бейне форматта жолдай алады.

     Жүйе мәселені шешу құзыретіне кіретін нақты мемлекеттік органды таңдауға мүмкіндік береді.

     Мәселені шешу тәртібі бойынша түсіндірме берілген жауап 24 сағат ішінде ұсынылады.

     Қажет болған жағдайда өтініш беруші құзыретті органға жолданады немесе жеке қабылдауға жазылуы ұйымдастырылады.

     Қазіргі таңда сервис қаладағы еңбек ұжымдары арасында белсенді түрде енгізілуде. Атап айтқанда, «Астана Тазалық» ЖШС қызметкерлері арасында боттың жұмысы жүргізіліп, мыңнан астам қызметкер қамтылды.

     Аталған жобаны іске асыру халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға ғана емес, сондай-ақ азаматтардың мәселелеріне мемлекеттің барынша жедел әрекет етуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Астана қаласының прокуратурасы