20 млн доллар инвестиция және 50 жұмыс орны: Астана прокуратурасы елордалық инвестордың құқығын қорғады

20 млн доллар инвестиция және 50 жұмыс орны: Астана прокуратурасы елордалық инвестордың құқығын қорғады

     Астана қаласының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестірумен жаңа цех салып жатқан «Көмек Машинери Қазақстан» ЖШС-нің құқығын қорғады.

     Компания нарықта 2008 жылдан бері жұмыс істейді, жүк техникасына қызмет көрсетуге және жөндеуге маманданған.

     Шетелдік инвестициялар есебінен іске асырылатын жобаның жалпы құны 20 млн АҚШ долларын құрайды. Нысанды іске қосу 50 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

     Инвестор мемлекеттік сараптамадан өту кезінде кедергілерге тап болғаны анықталды: су қорғау белдеуінің шекараларын ауыстыру қажет болды. Сонымен қатар, компанияға құрылыс-монтаждау жұмыстарына (ҚМЖ) рұқсат беруден бас тартылды.

     Қала прокуратурасы уәкілетті органдармен кеңес өткізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде әкімдік су қорғау белдеуінің шекарасын ауыстыру туралы қаулы шығарды, ал инвесторға ҚМЖ жүргізуге талон берілді.

     Бүгінгі таңда инвестордың құқықтары қорғалған, цех құрылысы басталды.

     Астана қаласының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды +7 (747) 216-15-58 телефондары немесе 115 Call-орталығына хабарласуға шақырады.

Астана қаласының прокуратурасы