Зейнеткерлердің құқықтары қорғалды

Зейнеткерлердің құқықтары қорғалды

    «Нұра» ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталу заңдылығына талдау жүргізді.

    Астананың кейбір мемлекеттік ұйымдары мен мекемелері зейнет жасына жеткен қызметкерлерге заңнамамен көзделген жәрдемақыны төлемегендері анықталды.

     Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша 61 зейнеткердің құқықтары жалпы сомасы 6 млн теңгеден астам өтемақы төлеу арқылы қорғалды.

     Жол берілген бұзушылықтар үшін 11 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

     Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

Астана қаласының прокуратурасы