Студенттер мен мектеп оқушыларына арнайы симуляциялық сот процесі өткізілді

Студенттер мен мектеп оқушыларына арнайы  симуляциялық сот процесі өткізілді

     Сарыарқа ауданы прокуратурасы есірткі және психотроптық заттарының заңсыз айналымы саласында қылмыстық бұзушылықтарды алдын-алу мақсатында Тұран-Астана университетінің студенттеріне симуляциялық сот отырысы өткізді.

    Іс-шараның тақырыбы қазіргі уақытта, әсіресе жастар арасында, ең өзекті және әлеуметтік қауіпті қылмыс санаттарының бірі болып табылатын есірткі құралдарының заңсыз айналымына (есірткі саудасына) қатысты қылмыстық істі қарауға арналды.

    Қатысушылар сот процесінің барысымен, әрбір қатысушының рөлімен және қылмыстың құқықтық салдарымен интерактивті түрде танысуға мүмкіндік алды.

     Мұндай іс-шараларды өткізу жастар арасында заңсыз мінез-құлықтан үнемі бас тартуға, есірткі саудасына байланысты қылмыстардың салдарының ауырлығын түсінуге және заңдылық пен тәртіп қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

Астана қаласының прокуратурасы