Іс-шара “Керуен” сауда ойын-сауық орталығында өтіп, құқықтық сауаттылықты арттыруға және азаматтардың білікті заң көмегіне қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған.
Акцияның басты мақсаты - елорда тұрғындарына тегін заңгерлік кеңес беру, өзекті құқықтық мәселелерді жедел шешуге көмектесу, сондай-ақ заңнаманы одан әрі талдау мен жетілдіруді талап ететін жүйелі проблемаларды анықтау.
Алаң жұмысына 20-ға жуық мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен бейінді ұйымдар қатысты. Мамандар азаматтарға тұрғын үй құқығы, әлеуметтік қамсыздандыру, еңбек қатынастары, отбасы заңнамасы және басқа да бағыттар бойынша кеңес берді. Акция аясында 100 - ден астам адам заңгерлік қолдау алды.
Акция елорданың барлық аудандарында өз қызметін жалғастырып, елорданың әрбір тұрғыны үшін білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Астана қаласының прокуратурасы