Бас прокуратураның «Саналы ұрпақ» жобасын іске асыру шеңберінде Астана қаласы «Есіл» ауданының прокуратурасымен құқық қорғау және уәкілетті органдар қызметкерлерінен тұратын ведомствоаралық мобильді топ құрылды.
«Есіл» ауданының аумағында арнайы рейдтік іс-шараларды өткізу барысында кәмелетке толмағандардың алкогольдік масаң күйде болуы фактілері анықталды, бұл ойын-сауық мекемелері иелерінің тарапынан өрескел заңнама талаптарының бұзылғанын айғақтайды.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарға есірткі заттарын заңсыз өткізу фактілері де анықталды.
Бұдан бөлек, ойын-сауық мекемелерінде құрамында азот тотығы бар, «көңіл көтеретін шарлар» деп аталатын өнімдерді сату жағдайлары тіркелді.
Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты прокуратура органдарымен тиісті ден қою шаралары қабылданып, құқыққа қайшы қызметті жүзеге асырған жекелеген түнгі мекемелердің қызметі тоқтатылды.
Барлық анықталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Қатысы бар тұлғалардың әрекеттеріне қағидатты құқықтық баға берілетін болады.
Құқықбұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бойынша мобильді топтың қызметі жүйелі негізде жалғасатын болады.
Астана қаласының прокуратурасы