Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасы пробациялық бақылауда тұрған азаматтарға арналған Еңбек мобильділігі орталығының негізінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырыды.
Іс-шара сотталған азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, оларды қоғамға бейімдеу және қайта құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткізілді.
Жәрмеңке аясында қаланың ірі кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері шақырылып, олар өздерінің бос жұмыс орындарын және еңбекке орналастыру шарттарын ұсынды. Іс-шара қатысушылары жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес алып, үміткерлерге қойылатын талаптармен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Сонымен қатар, бос жұмыс орындары жәрмеңкенің барысында тағы 16 азаматқа одан әрі жұмысқа орналасу үшін жолдама берілді.
Сотталған азаматтарды әлеуметтік бейімдеу және қайталама қылмыстың алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғастырылады.
Астана қаласының прокуратурасы