
Астана қаласының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестірумен өндірістік база мен қойма салу және оны пайдалану жобасын іске асырып жатқан компанияның мүдделерін қорғады.
Аталған жоба елорданың логистикалық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Бұл өз кезегінде экономикалық тиімділікті арттырып, жүктерді тасымалдау мен сақтау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Бастаманы іске асыру нәтижесінде 50 жаңа жұмыс орны құрылады.
Бұған дейін инвестор электрмен жабдықтауға техникалық шарттарды беруден мемлекеттік органның негізсіз бас тартуына тап болған.
Елорда прокуратурасының араласуынан кейін мәселе қысқа мерзімде шешімін тапты: қажетті құжаттар жедел түрде беріліп, құрылыс жұмыстары қайта жанданды.
Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және бизнес құқықтарын қорғау қадағалау органының тұрақты бақылауында.
Инвесторлардың өтініштеріне жедел әрекет ету мақсатында прокуратурада Мобильді топ жұмыс істейді (тел.: 8-747-216-15-58).
Астана қаласының прокуратурасы