Елордада техникалық оңалту құралдарын цифрлық сервистер арқылы алу бойынша бейне-нұсқаулықтар әзірленді

Елордада техникалық оңалту құралдарын цифрлық сервистер арқылы алу бойынша бейне-нұсқаулықтар әзірленді

   

     «Қамқорлық пен Заң» жобасы аясында Сарыарқа ауданының прокуратурасы қосымша қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша шараларды жүзеге асыруда.

     Талдау барысында азаматтардың әлеуметтік қызметтерді, оның ішінде техникалық оңалту құралдарын ресімдеу кезінде цифрлық сервистерді пайдалануында қиындықтар бар екені анықталды.

    Анықталған мәселелерді ескере отырып, «eGov Mobile» және «Aleumet» мобильді қосымшаларын пайдалану бойынша оқытуға арналған бейне-нұсқаулықтар әзірленді.

    Бейнероликтер техникалық оңалту құралдарын және өзге де әлеуметтік қызметтерді рәсімдеу тәртібін көрнекі түрде көрсетеді.

     Материалдар қадам-қадамымен түсіндірмелері бар ыңғайлы, түсінікті және қолжетімді форматта әзірленді.

     Бейнематериалдарды ресми интернет-ресурстар, әлеуметтік желілер және ведомстволық бағынысты мекемелер арқылы, сондай-ақ әлеуметтік қызмет алушылар арасында тарату ұйымдастырылуда.

     Сарыарқа ауданының прокуратурасы әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі шараларды енгізу бойынша жұмысты жалғастырады.

Астана қаласының прокуратурасы