Елорда прокуратурасы әйел-кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған форум-кездесу ұйымдастырды

Елорда прокуратурасы әйел-кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған форум-кездесу ұйымдастырды

    Қала прокуратурасы басқармасының бастығы Айжан Аймағанова іс-шараға қатысушылардың алдында сөз сөйледі.

     Кездесудің негізгі мақсаты – құқықтық мәдениет пен қоғамдық құқықтық сананы қалыптастыру, құқық қорғаудың құралдарын жүйелі түсінуді дамыту, күйзеліс жағдайларында әрекет ету алгоритмдерін меңгеру, сондай-ақ әйелдің құқық пен жауапкершіліктің дербес субъектісі ретіндегі ұстанымын нығайту болды.

     Кездесу барысында әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау мәселелері, соның ішінде отбасылық жанжалдар мен некені бұзу процестеріне байланысты аспектілер сот тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып түсіндірілді.

    Сталкинг мәселесіне, оның құқықтық салдары мен жәбірленушілерді қорғау тетіктеріне ерекше назар аударылды.

    Форумға қатысушылар жеке және кәсіби өмірде кездесетін нақты жағдайларды талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелік ұсыныстармен түсіндірмелер алды.

     Осындай кездесулерді өткізу азаматтардың құқықтық хабардарлығын арттыруға, мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтуға және заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Астана қаласының прокуратурасы