8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы ескертеді.
Мереке күндері алаяқтар белсенді әрекет етіп, гүл жеткізу қызметінің жалған сайттары мен парақшаларын ашып, түрлі акциялар мен жеңілдіктер ұсынады.
Азаматтарды сақ болуға, тек сенімді дүкендерді таңдауға, жеке деректерін, банк картасының мәліметтерін бөгде адамдарға бермеуге шақырамыз.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.
Астана қаласының прокуратурасы