Астана қаласы Нұра ауданының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірге «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында «Құқықтық дәріхана» және «Халық заңгері» - «ашық диалог» форматында азаматтарды қабылдау акцияларын өткізді.
Негізгі мақсаты - азаматтарға тегін құқықтық кеңес беру, өзекті мәселелерді шешуде жедел көмек көрсету, сондай-ақ жүйелі мәселелерді анықтау.
Іс-шара барысында азаматтардың құқықтарын түсіндіріп, тұрғын үй, еңбек және қылмыстық құқық саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша кеңес берілді. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды талап ететін шағымдар талданып, оларды одан әрі қарау тәртібі бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша 300-ден астам азаматтар қабылданды.
Бұл іс-шара «кері байланыс» орнату арқылы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мәселелерді жедел шешуге ықпал етеді.
Астана қаласының прокуратурасы