Астана қаласының прокуратурасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру кезінде заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізді.
Тексеру барысында еңбекақының уақтылы төленбеуі, сотталғандармен жеке еңбек шарттарының дұрыс жасалмауы, сондай-ақ жұмысқа тартылған сотталғандарды еңбек заңнамасында көзделген жұмыс уақыты нормасынан тыс (тәулігіне 12 сағаттан артық) пайдалану деректері анықталды.
Қадағалау актісі бойынша 13 сотталғанға Еңбек кодексінің 108-бабына сәйкес үстеме жұмыс уақыты үшін еңбекақы төленді.
Еңбекақы төлеу талаптарын бұзғаны үшін жауапты лауазымды тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 87-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Сотталғандардың құқықтарын сақтауға бағытталған қадағалау іс-шаралары жалғасуда.
Астана қаласының прокуратурасы