
Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасы «Қамқорлық пен Заң» жобасы аясында қосымша қажеттіліктері бар адамдардың қатысуымен спорттық іс-шара өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты - халықтың теңдік, заңдылық және әлеуметтік әділеттілік қағидалары туралы түсінігін қалыптастыру, сондай-ақ барлық азаматтардың тең екендігін көрсету.
Спорттық жарыс барысында қатысушылар өз қабілеттерін көрсетуге, қоғамның қолдауын және жарқын жағымды эмоцияларды сезінуге мүмкіндік алды.
Шара нәтижесінде қатысушыларға естелік марапаттар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
Байқауға мемлекеттік органдардың қызметкерлері, оның ішінде жергілікті атқарушы органның өкілдері, сондай-ақ қосымша қажеттіліктері бар тұлғалар қатысты.
Олардың бірлескен қатысуы сенімді нығайтуға, инклюзивті құндылықтарды дамытуға және әрбір адамның құқықтарын құрметтеу идеясын ілгерілетуге ықпал етті.
Азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Астана қаласының прокуратурасы