Астана қаласының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Журналисттердің жауапкершілігі» тақырыбында алғашқы оқыту тренингін өткізді.
Шарада сөз сөйлеген басқарма басшысы Айжан Талғатқызы Аймағанова журналистік қызметтің негізгі құқықтық қырларын түсіндірді.
Іс-шараға Atameken Business медиа-холдингінің журналистері мен Мақсұт Нәрікбаев атындағы университеттің (MNU) студенттері қатысты.
Жобаның басты мақсаты - бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін құқықтық сауаттылыққа үйрету, болашақ медиа саласы мамандарының құқықтық мәдениетін арттыру, сондай-ақ БАҚ пен құқық қорғау органдары арасында сындарлы байланыс орнату.
Сонымен қатар, журналисттер мен блогерлер қатысқан бірқатар резонансты қылмыстық істер талқыланып, бұл аудиторияның ерекше қызығушылығын тудырып, құқық қолдану тәжірибесінің практикалық аспектілерін талқылауға себеп болды.
Астана қаласының прокуратурасы