Астана қаласының прокуратурасы ірі инвестициялық жобаның іске асуына бастама берді

Астана қаласының прокуратурасы  ірі инвестициялық жобаның іске асуына бастама берді

   Прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

   Астана қаласында құны 75 млрд теңге болатын «Astana IT Universiti» ЖШС-нің (бұдан әрі - Инвестор) заманауи студенттік кампусының құрылысы бойынша жобаны іске асыру басталды.

   Бұл жоба 80 жаңа жұмыс орнын құруға және елордадағы білім беру инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді.

   Осы мақсатта Инвестициялар жөніндегі Комитетпен инвестициялық келісімшарт жасалып, ауданы 7 га жер телімін беру келісілді.

   Алайда, жобаның бастапқы кезеңінде Инвестор әкімшілік кедергілерге тап болды: уәкілетті орган жерге құқықтарды ресімдеуден бас тартып, учаскені 6,5 га дейін қысқарту қажеттігін ескерткен.

   Бұл бүкіл жобаның өзгеруіне және инвестициялық келісімшарттың бұзылуына әкелуі мүмкін еді.

   Келіссөздер нәтиже берген жоқ.

   Елордалық прокуратураның араласуынан кейін Инвесторға жер телімі толық көлемде беріліп, жоба іске қосылды.

   Ұқсас мәселелер бойынша жедел әрекет ету үшін инвесторлар 8-747-216-15-58 жедел желі нөміріне хабарласа алады.

Астана қаласының прокуратурасы