
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында елорда прокуратурасы Астана қаласындағы №26 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары үшін Ашық есік күнін өткізді.
Іс-шараның мақсаты - кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениетін, құқықтық сана деңгейін арттыру және қоғамда тұрақты құқықтық тәртіпті қалыптастыру.
Оқушыларға қадағалау органының жұмысы туралы айтылып, мұражайға экскурсия жасалды.
Кезекші прокурордың, Ахуал орталығының, азаматтарды қабылдау орталығының, құрылымдық бөлімшелердің жұмысымен танысты.
Қызметкерлер қалалық прокуратураның цифрлық жобаларын көрсетті: алаяқтыққа қарсы WhatsApp бот және т.б.
Сонымен қатар, есірткі қылмысына қарсы іс-әрекет, қорлау, алаяқтық, бопсалау және т.б. туралы айтылды.
Мектеп оқушылары қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Астана қаласының прокуратурасы