Прокуратура «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі мемлекеттік тұжырымдама аясында Өтеген Сейітов атындағы Болашақ прокурорлар клубын іске қосты

Прокуратура «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі мемлекеттік тұжырымдама аясында Өтеген Сейітов атындағы Болашақ прокурорлар клубын іске қосты

     Астана қаласының  Сарайшык  ауданының прокуратурасы Өтеген Сейітов атындағы Болашақ прокурорлар клубының пилоттық жобасын іске қосты. Бұл – оқушыларды құқықтық ағартушылыққа және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға тартудың жаңа форматы. Клуб прокуратураның, мемлекеттік органдардың және мектеп әкімшіліктерінің ынтымақтастығы негізінде құрылды.

     Жобаның ерекшелігі – «оқушыдан — оқушыға» қағидаты. Құқықтық білімді жасөспірімдер өз құрбыларына жеткізеді. Мұндай тәсіл оқушылардың бір тілде сөйлесуіне, ақпаратты жеңіл қабылдауына және сенімді білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

     Клуб жұмысының негізгі бағыттары: оқушылардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру; заңға құрмет пен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру; көшбасшылық қасиеттерді, жауапкершілік пен өзін-өзі басқару дағдыларын дамыту; мектеп пен прокуратура арасындағы ынтымақтастықты нығайту; жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және оның деңгейін төмендету.

     Өтеген Сейітов атындағы Болашақ прокурорлар клубы мектеп ортасында «Заң мен Тәртіп»  тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды құралына айналып, әділеттілікке, заңдылыққа және саналы болашақты таңдауға бағытталған ұрпақты қалыптастыруға ықпал ететін болады.

 Астана қаласының прокуратурасы