«Сарайшық» ауданы прокуратурасының бастамасымен қылмыстардың қайталануын алдын алу мақсатында пробациялық бақылауда тұрған сотталғандардың қатысуымен көрсетілім сот отырысы ұйымдастырылды.
Сот отырысы барысында жаза түрін ауыстыру туралы ұсынысы қаралған есептегі азаматтың бірнеше рет әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны анықталды. Атап айтқанда, ол қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішуге және мас күйінде жүруге жол беріп, қоғамдық тәртіпті бұзған, сондай-ақ түнгі уақытта тұрғылықты жерінде болмаған.
Сот қаулысымен бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігі нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
Астана қаласы прокуратурасы пробациялық бақылауда тұрған тұлғаларды сот белгілеген шектеулерді қатаң сақтауға шақырады: түнгі уақытта тұрғылықты жерінен кетпеу, әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ сот жүктеген басқа да міндеттерді орындау.
Астана қаласының прокуратурасы