Мүгедектігі бар балалардың есебінен байуды көздеген

Мүгедектігі бар балалардың есебінен байуды көздеген

  Сот үкімімен елдің әртүрлі аймақтарынан 5 тұрғынды алдаған алаяқ сотталды.

   Ер адам "Біздің балаларға арбалар" деп аталатын "What's App" мессенджер тобына мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған пайдаланылған кресло-арбаларды сату туралы ақпарат таратқан.

   Жәбірленушілер хабарландыруға назар аударып, кресло-арбаларды пошта арқылы жіберуге уәде берген алаяқтың картасына 40-тан 114 мың теңгеге дейін ақша аударған.

    Кінәні мойындау, шын жүректен өкіну және зиянды өтеу сияқты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып сот үкімімен ер адамға пробациялық бақылау белгілеп, 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

   Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Астана қаласының прокуратурасы