Астана қаласының прокуратурасы әрекетке қабілетсіз тұлғаларға қатысты заңсыз әкімшілік істердің күшін жойды

Астана қаласының прокуратурасы әрекетке қабілетсіз тұлғаларға қатысты заңсыз әкімшілік істердің күшін  жойды

    Астана қаласының прокуратурасы әрекетке қабілетсіз азаматтардың құқықтарының бұзылу фактілерін анықтады.

    Азамат Д. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 437-бабының 1-бөлігі бойынша (тыныштықты бұзу) әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 18 460 теңге көлемінде айыппұл салынған.

    Алайда, аталған тұлға психикалық ауруына (шизофрения) байланысты әрекетке қабілетсіз деп танылған және (ӘҚБтК-нің 28, 29-баптарына сәйкес) әкімшілік жауаптылықтың субъектісі болып табылмайды.

    Әрекетке қабілетсіз тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тартудың 41 фактісі анықталды.

    Прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде бұл істердің барлығы тоқтатылды.

    Азаматтардың құқықтарының сақталуына бағытталған қадағалау жұмыстары жалғасуда.

Астана қаласының прокуратурасы